Кеше Сингапурда Халықаралық чемпиондар кубогы аясында туриндік Ювентус клубы Тоттенхэмге қарсы ойнады, – деп хабарлайды Жасөркен порталы.

Ойынның алпысыншы минутында гол соққан сұрмерген Криштиану Роналду жаттықтырушының нұсқауымен аз уақыттан соң орындыққа жайғасуға мәжбүр болды. Кенет осы тұста әйгілі футболшының жас жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, кумирімен суретке түсті. Сурет cr7sjuve Instagram парақшасында жарияланды.

Бейресми деректерге сүйенсек, жүгіріп шыққан жас жанкүйер Қазақстаннан екен. Баланың аты-жөні: Ахмади Ержанов. Жасы 14-те, Ақтау қаласының тумасы. Желі қолданушылары ол туралы “Қандай бақытты бала!”, “Жарайсың!”, “Міне, азамат!” деген секілді жылы лебіздерін жаудырды.

Айта кетейік, тартысты ойын 2-3 есебімен Тоттенхэмнің пайдасына шешілді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз