Амстердамдық «Аякс» клубының орталық қорғаушысы Маттейс де Лигт туриндік «Ювентусқа» ауысты, – деп хабарлайды Жасөркен порталы.

Футболшы бүгін түнде медициналық тексеруден өті үшін Туринге ұшып келді. Ол клуб жанкүйерлеріне: «Сәлем, «бьянконери», бұл Маттейс. Мұнда келгеніме қуаныштымын!» – деп видеосәлемдеме жолдады.

Айта кетейік, биылғы маусымда 55 ойын өткізді. 7 гол соғып, 4 нәтижелі бас берді. Голландық футболшының трансферлік құны – 75 млн еуро. Ол әлемдегі ең қымбат екінші орталық қорғаушы (Вирджил ван Дейктен  кейін – 90 млн еуро).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз