Жазғы демалыста ата-анасына ауыртпалық салмау үшін еңбек етіп, ақша табатын балалар бар. Қолдарында дипломы, арнайы мамандығы болмаған соң көпшілігі мейрамханада даяшы болып, сауда орталықтарында қызмет көрсетеді. Әрине, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаны жұмысқа алу жұмыс берушіге де жауапкершілік жүктейді. Оқушы балалардың жұмысқа қабілетті екеніне күмәнмен қарайтындары да бар. Жұмыс іздеген, жұмыс істеген балалар жақсы біледі, кез келген жерде екі-үш күн тегін жұмыс істеп стажировкадан өтесің. Қожайынға ұнамай қалсаң басқа жұмыс іздеуге мәжбүр боласың. Жалпы, балалардың жұмыс істеуі заңды ма? Олардың құқықтары бұзылса, кім, қалай қорғайды?

Қазақстан Республикасында 18 жастан бастап кәмелеттік жасқа толған тұлға болып саналады. Ал бұл жасқа толмаған балалар жұмыс істеймін десе, алдымен ата-анасының рұқсатын алып, жұмыс беруші мен ата-анасы өзара келісімге келуі керек. Себебі ата-ана баласы үшін жауапкершілік алады. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар түнгі 22:00 – 6:00 аралығында жұмыс істемеуі керек. Ал апталық жұмыс жүктемесі 24 сағаттан аспауы керек. Бірақ дәл қазір бізде баланың еңбегін бақылау мәселесі кенже қалып келеді.

Оған себеп – балалардың ата-анасын тыңдамауы, көбірек ақша табуға деген талпыныс, жұмыс берушімен келісімнің болмауы, ата-ананың баласының жұмысын тексермеуі. Заң бойынша балалар аптасына 24 сағат, демек, 8 сағаттан үш рет қана жұмыс істей алады. Ол жұмыс баланың тәрбиесіне, денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Алайда, мұны ескере бермейміз.

Жаз мезгілі – той мезгілі. Тойға барсаң даяшы боп жүре тіндердің барлығы дерлік балалар. Көп мекемелер жазғы демалыста балаларды арзан еңбек күші ретінде пайдаланады. Себебі, балалар өз құқығын қорғауды білмейді. Оларға мектеп қабырғасында жүргеннің өзінде инспекторлар жиналыс жасап, түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтынын ескертеді. 18 жасқа толмай түнгі уақытта мейрамханада жұмыс істеу құқық бұзушылық қа жатады. Оларды жұмыстан соң үйіне жеткізіп тастамайды.

Әрине, жазғы демалыста бос жатпай, ата-анама көмекші болам дейтін талабы бар
достарымыздың барына қуана мыз. Дегенмен, достар, кез келген жерге жұмысқа
орналаспай тұрып ата-анаңмен, жұмыс берушімен келісіп, кейбір жағдайларды
нақтылап алған артық болмайды.

Нұрлыхан ЖҰМАХАН,
«Ұланның» жас тілшісі

Ұлан» газеті, №28
9 шілде 2019 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз