1 маусым балаларды қорғау күніне орай Қазақ мемлекеттік циркінде қайырымдылық қойылымы өтті. Оған əлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары, ардагерлер мен балалар үйінің тəрбиеленушілері шақырылды. Қойылымның арнайы қонағы – Алматы қаласына Мəскеуден гастрольдік сапармен келген цирк өнерпаздары. Олар қонақтарға «Пілдер шоуы» атты арнайы бағдарлама ұсынады.

«Бұл бағдарлама 16 маусымға дейін жалғасады. Біздің көрерменіміз балалар болғандықтан, тақырыптық бағдарламаларды кішкентай көрерменге лайықтап жасаймыз. «Пілдер шоуынан» соң «Шығыстан келген цирк» деген атаумен жаңа бағдарлама ұсынамыз. Балаларға қуаныш сыйлау – біздің ұжым үшін де үлкен қуаныш», – дейді Қазақ мемлекеттік циркінің басшысы Бақыт Бөкебаев.

(“Ұлан” №24, 11 маусым 2019 жыл).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз