Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) жетінші жеңісіне қол жеткізді.  Оксон Хилдегі (АҚШ, Мэриленд штаты) бокс кешінде чилилік Луис Норамбуэнуді (3-1-1, 0 КО) жеңді.

Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Ал қарсыласы Норамбуэна мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 2018 жылдың сәуірінде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шыққан еді. Отандасымыз әуелі мексикалық боксшы Мигель Самудио (43-12-1, 27 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын,  алайда Мэриленд штатының спорт комиссиясы оған рұқсат бермеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз