Жақында әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы кафедрасы және «Көкжиек» клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында университетаралық әдеби-шығармашылық байқау өтті. Байқау факультетіміздің ардагер ұстазы, академик Жанғара Дәдебайұлының 70 жылдығына арналды. Профессордың шәкірттері, бугінде білім саласында қызмет атқарып журген ғалым ұстаздар жастарды ынталандыру мақсатында байқауға арнайы жулде қорын бөлді. Байқау 4 бағытта жургізілді:

  1. «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбында арнау өлең.
  2. «Абайды білмек парыз» Абай өлеңдері мен Қара сөздерін мәнерлеп оқу және әдеби талдау.
  3. «Адамның бес асыл ісі» және «Адамның бес дұшпаны» тақырыбында ойтолғау (Ж.Дәдебаевтың «Абайдың антропологизмі» кітабы негізінде).
  4. «Абай және көркем тәржіма» тақырыбында ғылыми эссе.

Байқаудың қазылар алқасында филология факультетінің ғалым-ұстаздары болды. Қатысушылар қатарында факультет студенттері Ертай Білал, Игілік Сабина, Арайлым Алмасханқызы, Аманбек Гаухар, Бөкебай Дина, Жантөре Гулсезім, Рустембек Ғазиза, Советова Меруерт, Қосаева Ақмарал, Ақбай Абай, Әлімбек Алтынай, Бірімжанова Гулжанат, Жолдасбек Бағила, Макарова Әмина, Нұрқасым Елнұр қатысты. Сондай-ақ, басқа ЖОО-лардан, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан  Әбдиева Шаттық, Аида Қасымовалар, журналистика және тарих факультеттері студенттері  қатысып, жүлделі орындар мен алғысхаттарға ие болды.

Марапаттау рәсімінде поофессор Дәдебаев жастарға «Таңдамалы шығармаларының 1 томын» өз қолымен тапсырды. Рәсімге белгілі журналист, «Балдырған» журналының бас редакторы МАГЛҰМОВ Дүйсен Мусірәліұлы, әдебиеттанушы ғалым, КИМЭП профессоры БЕКЕЕВА Нұрайша қатысып, ұстаз тұлгасы жөнінде әңгімелеп берді, сондай-ақ, Жанғара ағайдың Астана, Ақтөбе университеттеріндегі шәкірттері видеоқұттықтау жолдады.

Ләйла МҰСАЛЫ,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз