Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде көптеген студенттік клубтар жұмыс істейді. Солардың бірі аудармашылардың арнаулы клубы – «TARZHIMANclub».

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жүз кітап», «Айналаңды нұрландыр» және басқа да әлеуметтік жобалар жүргізіледі. Студенттік клубтар осы жобалар аясында өз жұмыстарын жүргізеді.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Аударма ісі» мамандығы бойынша кәсіби мамандар дайындайды. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында жұмыс істейтін «TARZHIMANclub» жас аудармашылар клубы көп жылдан бері болашақ аудармашылардың шығармашылық қабілетін шыңдай түсу мақсатында жас аудармашылар арасында түрлі танымдық-тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып отырады.

Жыл сайын «TARZHIMANclub» әр жыл қорытындысы бойынша 1 курстар арасында «Аудармашылар сайысын» өткізеді. Жуырда филология және әлем тілдері факультетінде «Аударма ісі» бөлімі 1 курс студенттерінің арасында жас аудармашылар сайысы өтті. Болашақ аудармашыларға арналған аударманың теориясы мен практикасы бойынша арнайы  ауызша, жазбаша тапсырмалар мен жаттығулар берілді. Қызықты, тартысты жағдайда өткен сайысқа 1 курс студенттері белсене қатысты.Сайыстың қазылар алқасы шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары  М.Аймағамбетова, А.Тункер, Ә.Жапаровалар болды. Қазылар алқасының шешімімен барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған 1 курс студенті Жұмабекова Наргизға «Тәржіман-2018» атағы берілді.

Шығармашылық сайыс болашақ аудармашылар үшін пайдалы болғандығы даусыз.

Л.Мұсалы, ҚазҰУ-дың оқытушысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз