Жас режиссер əрі аниматор Əділбек Баян бала кезінен мультфильмді жақсы көрген екен. Мультфильмдердің сюжеті туралы əңгімелесу, кейіпкерлерін зерттеу ерекше қуаныш сыйлайтынын айтады. Бірақ, арнайы өнер мектебінде оқымапты. Университетке дейін мультфильмге қызығуы тек хобби болыпты. Ал қазір осы салада білім алып жүр.

«Кураторларымыз – Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы академиясының түлектері. анимация кафедрасын құрды. қыр-сырымен сол жақта таныстым.
«Мұзбалақ» – мен қатысқан жоба. Онда негізгі он аниматордың бірі болдым. Алдымен сценарий жазылады, содан кейін режиссер мен сценаристер оны бірге ойлайды, көркем қойылым мен арт-дирекция кейіпкерлерді суреттейді, содан кейін эпизодтар бойынша бөлінетін аниматорлар тобын жинайды жəне олар бізге кейіпкерлер не істеу керек екенін түсіндіреді. Қазір бүкіл əлемде 3D, компьютерлік анимация пайдаланылады. Ал «Мұзбалақта» сурет салынған анимация қолданылды»,
– дейді Əділбек.

Əділбектің айтуынша, 3D анимацияда дайын модель бар, оны жай ғана қозғалтып отыруға болады. Ал суреттегі анимацияда əр кадрды егжей-тегжейлі игеру керек.

«Анимацияның бір секундында 24 кадр бар, яғни 24 сурет. 1 сағатта 3600 секунд бар, оны 24 кадрға көбейтіңіз. Міне, біздің командаға осынша сурет салу керек болды. Толық анимациядан кейін компоузингпен айналысады, монтаждауға қояды, дыбыстайды жəне музыканы таңдайды. «Мұзбалақтың» сюжеті қазақ мəдениетіне негізделген. Режиссер, сценарист, суретші болып бірігіп, 20 күнде сценарийін жасап шықтық. Ал жобаға екі жылдай уақыт кетті», – дейді Əділбек.

Кейіпкеріміздің «Глен» анимациялық кино мектебі бар. Мектеп анимацияға
қызығатындарға арналған. Глен Кин – америкалық танымал аниматор, иллюстратор. Диснейдің анимация студиясында жұмыс істеген. «Тарзан», «Аладдин» жəне басқа да мультфильмдердің анимациясын жасаған. Былтыр Коби Брайант туралы қысқа метражды мультфильмі үшін «Оскарды» иеленген. Сол Гленнің атымен аталатын Əділбектің мектебінде қазір отыздан аса оқушы анимацияны үйренуде. Жаңа оқушылар келгенде алдымен олардың сурет салу деңгейін анықтап алады. Арнайы тапсырмалар береді. Содан кейін қатемен жұмыс істейді. «Сурет салуда əркімнің маңызды тəсілі болу керек. Біреу алдымен құлақ, бас, мойын, денені салса, енді біреу болашақ суреттің құрылымын бейнелейді. Мен жалпы сурет салуды үйретемін, өйткені сурет салу да үй салу сияқты. Іргетасы болмаса құлайды, ал іргетас – суретшінің тəсілі. Содан кейін суреттің сапасын жақсартып, анимацияға кірісеміз. Аниматорға креатив аса қажет емес, себебі кейіпкерді режиссер жасайды, ал аниматор тек техникалық жағынан əдемі салу керек. Мектептің мақсаты – таланттарды табу жəне оларды біріктіру», – дейді жас аниматор.

Қазақстанда аниматорлар дайындайтын үш оқу орны бар. Олар: Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, астанамыздағы Қазақ Ұлттық өнер университеті, Шымкенттегі Ə.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер жəне дизайн колледжі.

Əділбек «ҚазАрт» анимация студиясында да суретші болып жұмыс істейді. Олар balapan арнасына мультфильмдер жасаған. Ол аниматор болу үшін суретті жақсы салу жəне образды əдемі бейнелеу маңызды екенін айтады. Əділбектің жасаған жұмыстарын @keanykid Инстаграм парақшасынан көруге болады.

«Америкада анимация ел экономикасына миллиардтаған доллар табыс əкеледі,
ал Қазақстанда бұл көрсеткіш нөлге тең. Бізде анимация саласына əлі де баланың ісі деп қарайтын сияқты. Мұның үлкен идеология екенін, үлкен өнер екенін, тіпті, киноның шыңы екенін түйсіну болмай тұр. Бізде анимацияға қатысты ешқандай оқулық жоқ. Жоғары оқу орындарында əр оқытушы өзінің білгенін, түйгенін сабақ ретінде өтіп жатыр. Шетелдің материалдарына жүгінеді. Технология дамыған заманда мультфильмді ұлттық құндылықтарымызды, салт-дəстүріміз бен тарихымызды ұрпақ санасына құятын құрал ретінде пайдалануға не кедергі екенін түсінбеймін»,
– деді Əділбек сөз соңында.

Ақерке
ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ,
«Ұланның» жас тілшісі

Ұлан» газеті, №21
21 мамыр 2019 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз