«Алау»  республикалық шығармашылық байқауының ережесі
1. Байқау ІІІ тоқсаннан тұрады. 
І тоқсан – 1 наурыз – 1 маусым аралығы;
ІІ тоқсан – 1 маусым – 1 қыркүйек аралығы;
ІІІ тоқсан – 1 қыркүйек – 1 желтоқсан аралығы.
Әр тоқсанның соңында жеңімпаздар анықталып, келесі тоқсанға жолдама алады.
2. І тоқсанның тақырыптары:
1. «Жас келсе – іске»
2. «Орындалған мақсат»
3. «Өмірге ғашықпын»
3. Негізгі талаптар: 
Қатысушылар тарапынан шығармаларымен бірге «Ақ желкен» журналына 2019 жылға жазылған (3 ай, 6 ай, 12 ай) түбіртекті қоса жіберілуі тиіс. Шығарманы akjelken_alau@mail.ru электронды мекен-жайға, түбіртекті де осы поштаға немесе 8747 154 62 69 (WhatsApp) нөміріне жолдауы міндетті.
4. Негізгі шарттар:
Байқауға көрсетілген тақырыптағы өлең, әңгіме, эссе және фэнтези жанрындағы шығармашылық жұмыстар қабылданады. Байқауға тек 9, 10, 11 сынып оқушылары қатыса алады. Шығармалар Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта А-4 форматында 5 беттен аспауы керек.
5. Байқаудың қорытындысы:
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні байқау жеңімпаздары анықталады. Жүлдегерлер орындар мен түрлі номинациялар бойынша дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға оқушыларын белсене қатыстырған ұстаздарға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан Алғыс хат беріледі.
6. Қосымша ақпараттар үшін:
Байланыс: 8(727)  220-76-44; Инстаграмм: jurttynbalalary; vkontakte: Ақ желкен журналы; Фейсбукте: «Ақ желкен» журналы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз