ЕҢБЕК ДӘМІ

Еңбек еттiм бүгiн мен,
Терлеп-тепшiп маңдайым.
Ал тәттiнi тiлiм мен
Татты бiрақ таңдайым.

АЯҚ ПЕН АҚЫЛ

– Аяқ, қайда апарасың?
– Жарысқа.
– Ақыл, қайда апарасың?
– Ғарышқа.

ЕКІ ГҮЛ

Бос бармаймын бұлаққа,
Ауладағы гүлдердi
Суарамын мен көптен.
Мен де гүлмiн,
Бiрақ та
Өткiзiп сан күндердi,
Өсемiн тек еңбекпен!..

БҰЛАҚ

Гүлге бөлеп даланы,
Бұлақ күлiп ағады.
«Суарамын шөлдi!» – деп,
Әдемi әнге салады.

ТОЛДЫ ЖАСЫМ ЖЕТІГЕ

Толды жасым жетiге,
Қуанамын секiре.
Ұмытамын мен ендi
Жерден таяқ жегендi!..

АҚЖАРҚЫН – АППАҚ, ТӘТТІ-АҚ ҚЫЗ

– Ақжарқын деген – аппақ қыз,
Мұндай қыз қайдан таппақпыз, –
Айналып отыр анасы, –
Аппаа қой қызым,
Қарашы!..

– Ақжарқын, – дедiм мен дағы,–
Айта ғой, сiңлiм, сен, кәне,
Аппақсыы қалай,
Қайранмын?!.
– Көп iшкем, әпке, айранды!..

– Ақжаррын деген – тәттi-ақ қыз,
Мұндай қыз қайдан таппақпыз, –
Айналып отыр анасы, –
Тәттi ғой қызым,
Қарашы!..

Қызықтап тiлiн тағы мен:
– Айта ғой, сiңлiм,
Бәрiнен
Тәттiсiң қалай? – дегенмiн…
– Кәмпиттi көп-көп жегенмiн!..

ТЕРБЕЛЕ БЕР, ӘТКЕНШЕК!..

Құс боп кенет ұшамын,
Ақша бұлтты құшамын.
Қуанышқа,
Шаттыққа
Толды, мiне, құшағым.
Тербеле бер, әткеншек!..

Тарс жұмып ап көзiмдi,
Сынап кейде төзiмдi,
Сезiнемiн
Аспанда
Шарқ ұрғандай өзiмдi.
Тербеле бер, әткеншек!..

Қанат қағып барамын
Төсiнде кең даланың.
Ой-қиялы,
Арманы
Менде барлық баланың.
Тербеле бер, әткеншек!..

Суретін салған Наталья ЯЩЕНКО

«Балдырған» журналы, №4
Сәуір, 2019

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз