Күрес түрлерінен Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Данияр Қайсанов чемпион атанды, – деп хабарлайды «Zhasorken» порталы.

74 келіде белдесетін отандасымыз алғашқы айналымда моңғол балуаны Отгонбайар Басуриді айқан басымдылықпен ұтса, екінші белдесуде өзбек балуанынан оңай айласын асырды. Ал жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адам Батыровты ұтты. Батыров жарақат алып, кездесуге шықпады.

Ал финалда үнді балуаны Амит Кумар Данхардың жауырынын жер иіскетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, 61 келідегі Бауыржан Төребек, 86 келідегі Әділет Дауланбаев пен 92 келідегі Ералы Абдрашев және аса ауыр салмақтағы Олег Болтин жарыстан шығып қалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз