Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарына қосылды, – деп xабарлайды «Zhasorken» порталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері иегері Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) WBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде ең үздік 15 боксшының қатарына кірді. Орта салмақта (160 фунт. 72,58 келі) өнер көрсететін отандасымыз небәрі 6 жекпе-жек өткізіп, үздіктер қатарына кірді. Сондай-ақ осы салмақта өнер көрсететін ел мақтанышы Геннадий Головкин бірінші орында тұр. WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы Деметриус Андрадеге тиеслі.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде  мексикалық Кристиан Олливасты жеңген еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз