19 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық xалық аспаптар оркестрінің концерттік залында Жастар жылы аясында   xалықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты  Әсел Рақымжанның «Қобыз сыры» атты жеке шығармашылық кеші болып өтті.

Әсел Рақымжанның жеке концертіне ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Жидилова, Халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей және джаз орындаушысы Александр Фишер қонақ болды.

Кештің дирижері Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тлепберген болды.

Қобызшы Әсел Рақымжан жеке шығармашылық кешінде Құрманғазының «Төремұрат», А. Вивальдидің «Көктем» (Жыл мезгілдері циклынан), Г. Диникудың «Мартовский хоровод», A. Piazzolla «Fugata», Р. Непесовтің «Фантазия», А. Жайымның «Әз Тәуке», Қорқыттың «Қоңыр», М. Сағатовтың «Күй», А. Хачатурянның «Спартак» балетінен «Танец Эгины и Вакханалия», Е. Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балетінен «Соло», С. Танеевтің «Тарантелла», Н. Хесстің «Ladies in Lavender» (Дамы в лиловом), Махамбеттің «Қиыл қырғыны», В. Монтидің «Чардаш». П. Сарасатенің «Интродукция и тарантелла», Р. Ловландтың «Song from a secret garden» (Песня из тайного сада), Е. Құсайыновтың «Қыпшақ жыры» Қобызға арналған концерті және Е. Брусиловскийдің «Боз айғыр» сюитасынан «Финал» шығармалары қобызбен ойналды.

Концертке жиналған қауым жас қобызшының өнеріне тәнті болып, ерекше әсермен тарасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз