Үсті тымық, қарасам,
Асты болса ала шаң.
(Елекпен ұн илеу)

Аузына алса бірауық,
Тынши қалар жылауық.
(Емізік)

Мал сойған елеп еріңді,
Ақысы еттей берілді.
(Қолүздік)

Бөксе мен бас – тарыдай,
Құдайымның кәрін-ай,
Қылдай болып, қарашы,
Белге қалған жарымай.
(Құмырсқа)

Жең мен жаңа бұйырмаған,
Болса-дағы киінді адам.
(Мәйкі)

Жүзімді кептірді,
Сүйсіне жеп тұрды.
(Мейіз)

Сөздің соңы үйлесті,
Өлең болып күй кешті.
(Ұйқас)

Құлағыңа жетеді,
Елеңдетіп кетеді.
(Дыбыс)

Балаға арнап жасалған,
Ер еді бұл қашаннан.
(Ашамай)

Оның да бар әртүрлі іске үлесі,
Бес ұлдың ішіндегі кішкенесі.
(Шынашақ)

Қатар тұрып көп кісің,
Қараңдаршы ептісін.
Түк қалдырмай орманның,
Сүзіп қарап кетті ішін.
(Тарақ, тарақ тістері мен шаш)

Шыбықтан өріпті,
Ыдыс қой көрікті.
(Себет)

Оттан кейін жанған бұл,
Ып-ыстық боп қалған күл.
(Қоламта)

Он сегіз отау жайнап тұр,
Ал екі қазан қайнап тұр.
(Тоғызқұмалақ)

«Балдырған» журналы, №3
Наурыз, 2019

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз