Орта салмақта WBC, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин маусымда ринге қайта оралады, – деп хабарлайды «Жасөркен» порталы.

Қазақстандық кәсіпқой боксшының бұл жолғы қарсыласы 35 жастағы канадалық Стив Роллз. Жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Боксшылар 164 фунт аралық салмағында кездеседі.  22 немесе 23 сәуірде бокс кешіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. Бұл отандасымыздың DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, Головкиннің қарсыласы Стив Роллс екінші жартылай салмақта өнер көрсетеді. Ол 2011 жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген. Роллс спорттық мансабында бұған дейін 12 раундтық кездесуге шықпаған. Ал 37 жастағы отандасымыз былтырғы жылдың қыркүйегінен бері жекпе-жекке шыққан жоқ. Ол соңғы кездесуінде төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен ұтылып, мансабындағы алғашқы жеңілістің ащы дәмін татқан еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз