Алматы облысында бокстан Азия чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан командасының спортшылары допингпен күрес жөніндегі кезекті семинарға қатысты.

ҚР ҰОК спорттық медицина және антидопинг жөніндегі департаментінің үйлестірушісі Ғалия Біләлова аталған жиынды өткізіп, тыйым салынған субстанциялар, дәрі-дәрмекті тексеру тәсілдері және сынама алу ережелері туралы мәселені қозғады.

Бұл семинарда 2019 жылы енгізілген допингке қарсы ережелер мен өзгерістер туралы айтылып, спортшылар мен бапкерлер допинг қабылдағандарды жауапкершілікке тартатын ҚР заң жобасының қаралып жатқанынан хабардар етілді. Сондай-ақ Бүкіләлемдік допингке қарсы ұйымның назарындағы боксшылармен АДАМС онлайн-жүйесіндегі жұмыстың ерекшелігі туралы мәселе талқыланды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз