Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Жүсіпбек АЙМАУЫТОВТЫҢ туғанына 130 жыл

Жүсіпбек Аймауытов – 1929 жылы сталиндік репрессияның алғашқы зобалаңына ілігіп, 1931 жылы атылған қазақ арыстарының бірі. Ол қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын, таза көркем проза тәсілдерін алғаш меңгерген жазушы деп есептеледі.

Жүсіпбек аталарың аз ғана шығармашылық ғұмырында педагогика, психология, әдістеме, тәрбие туралы зерттеулер жазды. Әдеби сын саласына араласты.

«Қартқожа», «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» романдары мен хикаяттары, сан алуан пьесалары, әңгімелері – қазақ әдебиетінің інжу-маржандарына айналды. Ол балалар әдебиетіне де өз үлесін қосқан қаламгер еді.

ИТ ПЕН БАЛА

Ауылдан аулақ, өзен жиегiнде оңаша диiрмен. Жағалай тау, таудан құлаған көбiктi өзен диiрмен дөңгелегiн күңгiр-күңгiр айналдырады.

Диiрмен алдында, ит қора жанында бала отыр. Маңайда диiрменшiнiң тәукеншiк үйiнен өзге түк жоқ.

Баланың жалғыз серiгi – Жолдыаяқ. Ол шынжырлаулы. Басын баланың тiзесiне салып, былдырлаған қарап, сөзiн тыңдағандай болады. Ал сонда шойын қара бұлт көрiндi.

Тал түсте жанған күн жұтылып, жердi қараңғылық басты. Бала үйге, Жолдыаяқ үйшiгiне ұмтылды. Жайдың оты жарқ-жұрқ. Аспан салдыр-күлдiр. Жаңбыр шүмектеп, таудан тасқын сарқырауда. Диiрменнiң қылдырық өзенi күрiлдеп күшеюде. Буырқанған лай толқын дөңбектi жұлып, ағашты ағызып, диiрмен дөңгелегiн олқын талқандауда. Су молыға-молыға қораға толып, үйге кiрдi. Бiрақ құрыш тастан қалың соғылған үй тырп етер емес. Әкесi нәрселерiн төбеге тасып жүрiп, баласына бажылдайды. «Қапты ала шық!» –дейдi.

Шешесi жанталасып әкесiне нәрсе әперуде. Төбеге дендеп шығарып алды. Бала әйнектен қарап, Жолдыаяқтың үйшiгiн толқын қиратып жатқанын көрдi. Жолдыаяқ байғұс шынжырдан босана алмай, жалынғандай балаға қарады.

Ендi болмаса, Жолдыаяқ суға кететiн. Баланың жаны ашып кеттi. Ата-анасы абыржып жатқанда, жалма-жан сатымен жерге түсiп, суды белуарынан келтiре кеше жөнелдi. Бара шынжырға шап бердi. Қуанған ит еркелеп қолын жалауда. Шынжырды ағытып, екi дос үйге қарай салды. Бiраз су көтерiлiп, тасқын күрiлдеп, баланы есiкке жеткiзбей әкеттi. Кетiп барады… Өлдi-ау ендi…

Жоқ, баланың бақ еткенiн Жолдыаяқ естiдi де, дереу бұрылып досына қарай жүздi. Суды қаба, қапыл-ғұпыл жалдап баланың көйлегiнен тiстеп, сүйреттi. Бермен баланың айқайын естiп жан ұшырып әкесi де келдi, иті мен баласын үйiне алып келдi. Бiраз уақыт өткенде, құтырған тасқын да сабасына келдi.

Ит пен бала талай жылдар бiрге жасады. Бiрiн-бiрi өлiмнен құтқарғаны өмiрi естерiнен қалмады.

ҚАРАТОРҒАЙ

Көктем күнінiң жылы, жарық сәулесi жерге түсiп, қар ерiп жатыр. Күнгей жақ алатегенек бола бастады. Қарға, ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар отағасы бiрдеңе iстеп жатыр. Қасында қаумалап балалар жүр.

– Ата, не iстеп жатырсыз?

– Қонағыма үй iстеп жатырмын.

– Қонағыңыз қандай?

– Қонағым қол басындай, мiнезi қорғасындай… – деп, қарт  жымияды.

Қарттың сөзiне түсiне алмай, балалар тұрып-тұрып тарасты.

Қар кеттi. Көк шықты. Күн майдай. Мiнеки, уыстаған тас. Тай шоғырмақталып, бiр топ қараторғай ұшып келе жатыр. Ауылдың үстiне келiп жарқ бердi, бұрылады, олай-бұлай айналды да су еттi.

Биiк сырғауылдың басында Қамбар атаның iстеген кiшкене үйшiгi қалқиып тұр. Қараторғайлар ұшып ауылға келдi. Бiреуi барып үйшiктiң аузына қонды. Жан-жағына жалтақтап қарады да, үйшiктiң дөңгелек тесiгiнен iшiне кiрiп кеттi.

Өзге торғайлар да ағаш-ағаштың басынан орын алып, ұшып-қонып жүр.

Бауда, көк шөптiң арасында жыбырлап қоңыздар жүр едi. Қараторғайлар ағаштан түсе-түсе қалып, қоңыздарды терiп жей бастады. Қаужанып алып, шалшықтан су iшiп, дем алуға ағаш басына барып қонысты. Тынығып алғансын, ән салысты.

Манағы үйшiкке кiрген торғай сонда мекендеп алды. Күзге шейiн кетпедi. Қамбар атай шөп шапса, қараторғайы шегiртке қырады.

Құрт, қоңыз, шегiртке, инелiк, маса-шыбын – бәрi де егiннiң жауы ғой. Сол жаулардың бәрiн қараторғай құртады. Қараторғайдың пайдасы санап бiтiргiсiз.

Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мiнезi қорғасындай» дегенi сол қараторғай екен.

«Балдырған» журналы, №3
Наурыз, 2019

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз