«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба спорттық мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін, – деп хабарлайды «Жасөркен» порталы.

The Sun ақпаратына сенсек, «Реал» басшылығы Погбаны сатып алуды көздеп отырған көрінеді. Оның трансферлік құны – 125 миллион фунт.

Дереккөздің мәліметінше Зидан мадридтік клубқа өзгеріс енгізуді қалайды және 26 жастағы французды «Реалдың» негізгі ойыншылар қатарынан көргісі келеді.

Айта кетейік, жуырда ғана Погба өзінің һәм кез келген футболшының корольдік клубта ойнап, Зиданмен бірге жұмыс істегісі келетінін айтқан еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз