Бүгін түнде мадридтік «Реалдың» жаңа бас бапкері тағайындалды. Бұған дейін бапкерлік тізгінін ұстаған Сантьяго Солари қызметінен босатылып, Зинедин Зидан бұрынғы орнына қайта оралды.

Жаңа келісімшарт бойынша француз маманы 2022 жылдың отызыншы маусымына дейін өз міндетін атқаратын болады. Мұның алдында Зиданның маусым ортасында бапкерлік қызметке қайтпайтыны туралы ақпараттар таралған еді. Бірақ клуб президенті Флорентино Перес оның бұл ойын өзгерткенге ұқсайды.

Marca басылымының мәліметінше, Зидан басшылыққа алты шарт қойған жəне оларды бұлжытпай орындауды талап еткен екен. Ол қандай алты шарт?

– Команданы толық бақылау;

– Ойын үлгісіне сай емес ойыншыларды сату;

– Марсело мен Исконы құрамда сақтап қалу;

– Неймар трансферінен бас тарту;

– Хамес Родригесті кері қайтармау;

– Мбаппені сатып алу үшін қолдан келгеннің барын жасау.

Флорентино Перес бұл шарттарға көнген соң, Зидан келісімшартқа қол қойған.

Айта кетейік, 46 жастағы француз маманы бұған дейін Реал Мадридпен үш жыл қатарынан чемпиондар лигасын ұтып алған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз