Орта салмақта WBC, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин DAZN компаниясымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы DAZN твиттер желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Жаңа келісімшарт бойынша Геннадий Головкин жылына екі жекпе-жек өткізеді. Ол әр жекпе-жек үшін сегіз таңбалы санды алады. Бұл туралы нақтырақ ресми түрде 12 наурызда Лос-Анджелестегі баспасөз мәжілісінде белгілі болмақ. Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін маусым айында өткізеді. Қарсыласының кім екені әлі белгісіз.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес DAZN компаниясымен 365 миллион долларға келісімшартқа отырған болатын. «Канело» 5 жыл ішінде 11 жекпе-жек өткізуге міндеттелді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз