«Құлыным!»– деп сүйетiн,
Күнде қамқор болатын,
Ыстығыма күйетiн,
Суығыма тоңатын,
Әлпештеген баласын
Алтынсың ғой, анашым!

«Боташым!» – деп үнемi,
Маған артып бiр үмiт,
Сыздайтұғын жүрегi,
Құлап қалсам, сүрiнiп,
Өбектеген баласын
Алтынсың ғой, анашым!

Емiренiп: «Қозым!»– деп,
Күлiм қағып қарайтын,
«Аумаған бiр өзiм!»– деп,
Кекiлiмдi тарайтын,
Мәпелеген баласын
Алтынсың ғой, анашым!

Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ

«Балдырған» журналы, №2
Ақпан, 2019

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз