Балалар, «Ұлан» газеті 5-11-сынып оқушылары арасында шығармашылық байқау ұйымдастыруды қолға алып отыр. Байқау 1 наурыздан бастап, 30 қарашаға дейін жалғасады, яғни 9 ай бойы өтеді. Əр айдың 1-інен бастап, келесі айдың 10-ына дейін жұмыстар қабылданады да, сол айдың ортасында қорытынды шығады. Əр үш ай сайын тоқсандық қорытынды шығарамыз. Тоқсандық қорытынды бойынша материалы үздік деп танылған жеңімпаз келесі тоқсандық байқауға қатыспайды. Əр тоқсанда бес жеңімпаз анықталады.

Балаларға ай сайын тапсырма беріледі. Тоқсандық жеңімпаз болғысы келгендер əр айдың тапсырмасын орындауы тиіс. Ал жыл жеңімпазы Тəуелсіздік күні қарсаңында белгілі болады.

Бірінші, екінші, үшінші орын алған балалар мен белсене қатысқандар мақтау қағазымен марапатталады. Балалары белсене қатысқан мұғалімдерге ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі атынан алғыс хаты беріледі. Кішігірім естелік сыйлықтарымыз да бар.

Байқаудың талаптары:

1. Республикалық «Ұлан» газетіне жыл аяғына дейін (3 айға, 6 айға, 1 жылға) жазылғанын растайтын түбіртектің фотосын жолдау (бір жыл бойы әр айдың 10-на дейін газетке жазылуға болады).
2. Компьютерде 14-кегльмен Times New Roman қарпімен терілген, көлемі 1,5 беттен аспайтын материалдар қабылданады. Материалдың сауатты жазылуына назар аударылады. Ең бастысы, бұрын жарияланбаған жəне ғаламтордан немесе басқа жерден көшірілмеген болуы міндетті. Көшірілген материалдар байқауға қатыстырылмайды.
3. Материалды жолдаған уақытта оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, жетекшісі, жетекшісінің телефон нөмірі, оқушының мекенжайы толықтай көрсетілуі тиіс. Материалдарды ulan.baikau@gmail.com поштасына жіберу керек. Байланыс нөміріміз: +7 707 226 04 95

Наурыз айының тақырыбы: «МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖƏНЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» (нақты оқиғаны жазу керек). Ал, іске сəт, балалар!

1 ПІКІР

  1. Салеметсиз бе! Мен улан газетные 3айга жазылуыма болама? Айына неше рет шыгады атырау каласынна калай аламын?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз