Шетелде білім алуды армандайтындар көп. Басқа елге алуға барып тегін білім мүмкіндік беретін бағдарламалар да жетерлік. Ол туралы ақпарат та қолжетімді.
Бұрын біреу шетелге оқуға түсіпті десе, «Болашақ» бағдарламасымен кеткен шығар дейтінбіз. Шетелде оқу үшін тілді жетік білу керек, аз да болса қаражат жинап алмасаң көру күн қиын, қосымша жұмыс істеу керек шығар деген ойлар миымызға қонақтап, қорқыныштан болашаққа құрған арман-жоспарларыңның күл-талқаны шығатын. Ал қазір білмесең тіл де, қалтаңда қомақты қаражатың болмаса да, шетелде тегін алуға болады. Осындай білім білім беру бағдарламаларының бірі – «Түркия бурслары» (Аталған Türkiye Bursları). бағдарламаның іріктеуінен өтіп, грант жеңіп курсын да алсаң, тіл жетілдіру өздері тегін жатақхана, тегін оқытады, тамақ, тегін оқумен қамтамасыз етеді. Қазақстаннан Түркияға барып-қайтатын авиабилетті де өздері əпереді. Сенен талап ететін ғана нəрсе – оқуға, білімге, тіл бір үйренуге деген қызығушылық.

Түрік тілін білу маңызды емес

Біз «Түркия бурслары» бағдарламасының грантынжеңіп алған қазақстандық Мадина Жанғазиевадан Түркияда қалай тегін оқуға болатыны, шетелде білім алудың артықшылығы туралы сұрап білдік.

– «Түркия бурслары» деген қандай бағдарлама? Бағдарлама бойынша оқуға
түсу үшін қандай талаптар қойылады?

– Бұл бағдарлама туралы сыныптас досымнан білдім. Ол Астанада түрік тілін үйрететін курсқа баратын. Мен университеттің соңғы курсында оқып жүр едім. Магистратураға тапсырып, бағымды сынап көруге бел будым. Алдымен бағдарлама туралы толық ақпарат іздедім. Мүмкіндіктері ұнады. «Түркия бурслары» – қазақша Түркия гранттары деп аталатын бағдарлама. Түркия мемлекеті қаржыландырады. Бағдарламаның айтарлықтай қиын талабы жоқ. Құжат тапсыру, іріктеу, өтініш жазу – бəрі онлайн түрде өтеді. Қазақстанның жоғары оқу орындарына қандай құжат қажет, сол құжаттар ғана керек. Аса қиын ешнəрсесі жоқ. Арнайы құжаттар жүктейтін сайтта құжаттарды электронды түрде жүктеп, берілген сұрақтарға жауап берсең жеткілікті.

– Түрік тілін білу маңызды ма? Сұрақтарға қай тілде жауап беріп, құжаттарды қай
тілде толтыру керек?

– Бағдарлама түрік немесе ағылшын тілін талап етпейді. Қажетті құжаттарды нотариуспен куəландырудың, басқа тілге аударудың қажеті жоқ. Мысалы, мен түрік сериалдарынан естіген «Гүнайдыннан» өзге ешнəрсе білмедім (күліп). Өтінім толтырған кезде өзіңе ыңғайлы тілді таңдауға болады. Əркім өз ана тілінде немесе орыс, ағылшын тілдерінде толтыра алады. Түрік тілін Түркияға келген соң өздері үйретеді. Бір жыл бойы тіл жетілдіру курсына бару керек. Мысалы,
магистратура 2 жыл болса, тіл жетілдіру курсымен 3 жыл оқисың. Ал егер тілді жақсы меңгерген болсаң, арнайы сертификатыңды көрсетіп, бірден оқуды бастап кетуге болады.

– Түркия грантын жеңіп алу үшін неге баса назар аудару керек? Іріктеу қандай
ереже бойынша жүргізіледі?

– Жалпы, бұл бағдарламаның нақты жүйесін ешкім білмейді. Ол мемлекеттік құпия ретінде сақталады. Өз арамызда грант жеңіп алғандар мұны «лотерея ойыны» сияқты бағдарлама деп айтамыз. Нақты мынаған баса назар аудару керек деп айта алмаймын. Менің ойымша, оқуға деген талпынысыңа, оны эсседе қалай жазып жеткізе алғаныңа қарайтын шығар. Егер құжаттарды тапсырған соң əңгімелесуге шақырса, алғашқы кезеңнен сəтті өттің деген сөз. Əңгімелесуде не үшін Түркияда оқығың келетіні туралы сұрайды. Бұл кезеңнің де еш қиындығы жоқ. Бастысы, қобалжымай, өз ойыңды ашық айта алсаң болғаны.

– Түркия гранттары қандай мүмкіндіктер береді? Жатақхана, тамақтану, тіл
курсы, тегін білім алудан басқа қандай артықшылықтары бар?

– Turkeyscholarship (Türkiyebursları) бағдарламасы 1 жыл түрік тілін үйрену, мамандық бойынша магистратураны тегін оқу, ай сайын берілетін шəкіртақы, медициналық сақтандыру мен оқуға алғаш келген кездегі ұшақ билетімен жəне оқуды аяқтаған соң елге қайту билетімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, күніне екі мезгіл тамақ беретін жатақхана да бар. Негізінде Түркияда студент үшін оқуға бүкіл жағдай жасалған. Біздің міндет – оқу, тек қана оқу.

– Білуімізше, бакалаврды Қазақстанда оқыдың. Қандай мамандықта білім алдың?

– 2014 жылы Еуразия Ұлттық университеті Журналистика жəне саясаттану факультетіне оқуға түстім. Журналист болуды 5 жасымнан бастап армандадым. Астанада 4 жыл оқып, қызыл диплом алдым. Оқу бітірген соң магистратураға тапсырдым. Түркия грантын жеңіп алатыныма сенімді болмадым. Сондықтан отандық универге де құжат тапсырдым. Алдымен Қазақстандағы гранттар белгілі болды. Артынша Түркиядан да грант жеңіп алғаным туралы хабар келді. Алдымда үлкен таңдау тұрғанын түсіндім. Қанша дегенмен, журналистік шеберлік жəне объективтілік жағынан Түркия отандық журналистикадан сəл алда екенін сеземін. Түркия гранттары бағдарламасы түлектерге ешқандай жауапкершілік
жүктемейді. Түркияда қалуың керек немесе бізге қызмет етуің керек деген талап қоймайды. Сондықтан Түркияда білім алып, оны Қазақстанға келіп жүзеге асыруға бел будым. Осылайша, елдегі грантымды тастап, Анкараға келдім.

Шетелге оқуға кеткендер елге оралғысы келмей қалады дегенді жиі еститінмін. Бірақ, елден жыраққа кеткен сəттен бастан минут сайын Қазақстанды, жақындарымды, өзіміздің ұлттық тағамдарды аңсаумен, сағынумен жүрмін.

– Қазақстанға қайта оралған соң қоғамда нені өзгерткің келеді? Ал түріктер қазақ
қоғамынан нені үйренсе дейсің?

– Қазақстанға қайта оралғанда өз салама қатысты өзгеріс алып келемін деп ойлаймын. Ал қоғам ретінде Түркияның бізден үйренері көп. Мысалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Бұл мұнда ақсап тұр. Қоғамдық көліктерде үлкен кісілерге орын беру мəдениеті қалыптаспаған. Мысалы мен орын берсем, «Қандай тəрбиелі қызсың! Қай ұлттың адамысың, қай мемлекеттен келдің?» деп сұрайды. Сонда мен «Қазақстаннан!» деп мақтанышпен жауап беремін. Əрбір ісімнің артында ұлтымның аты, тəрбиесі тұрады. Бізді көріп, біздің ұлтымызды таниды. Мойнымызда үлкен жауапкершілік барын сезінген сайын өзіңді рухани тəрбиелеуге тырысады екенсің.

Дана МАРАТОВА

«Ұлан» газеті, №8
19 ақпан 2019 жыл

2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз