Айгүл САДУАҚАСОВА, Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкері:

– Қаламсапқа бала күнімнен қызықтым. Қазір Көкшетауда тұрамыз. Қаламсаптар ауылдағы ата-анамның үйінде. Кішкентай кезімде құстың қанатынан жасаған қаламсабым бар. Петропавл қаласынан 25 мың теңгеге паркер қаламсап сатып алдым. Негізі қаламның бұл түрі қымбат тұрады. Кейін құрбыма сыйлыққа бердім. Қаламның əдемілігіне назар аударамын. Күнтізбелі, эмблемалы, ағаштан жасалған қаламдар бар. Дəрігерлерге арналған қаламсап болады екен.

Əдемі қаламсап көрсем, қолыма алғанша тоқтамаймын. Сыныптасымның ерекше қаламсабы болса, əйтеуір алатынмын. Соңғы күндері қарындаш жинап жүрмін. Бурабайда қайыңнан жасалған қарындаш бар. Жуандығы жұдырықтай.

Туыстарым, достарым əуестігімді жақсы біледі. Туған күнде, мерекеде міндетті түрде қаламсап сыйлайды. Қызым маған қарап, моншақ жинап жүр. Жақсы нəрсеге қызығу, əуес болу жаман қасиет емес. Адамды ұқыптылыққа, əр нəрсенің қадірін білуге үйретеді. Болашақта бұдан да көп қаламсап жинаймын.

Жазып алған
Г.ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №7
12 ақпан 2019 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз