Кiм болам?

Гүлфарида Зейнуллина

ҰБТ жақындаған сайын, талапкерлер түрлi таңдау жасап, болашаққа үмiтпен көз тастайды. Биыл бала шағынан-ақ халыққа өнерiмен танылған Мағжан мен Фарида да мектеп бiтiредi. Олар қандай мамандық таңдамақ? Болашақта қай салада еңбектенгiсi келедi?

Мағжан актер емес, энергетик болады

«Хабар» арнасының «Ұят болмасын» бағдарламасында Ақылбай қарттың немересiн сомдаған Мағжанның есiмi де, түр келбетi де көпшiлiкке таныс. Ол – М.Әуезов атындағы драма театрының ең жас актерi. Б.Мұқайдың «Өмiрзая», «Апат», С.Мұқановтың «Мөлдiр махаббат» және Д.Исабековтың «Әпке» шығармаларында баланың рөлiн өте сәттi сомдайды. Яғни, жұрт Мағжанды актер ретiнде бiледi. Алайда, әкесi белгiлi актер Бекжан Тұрыс жақында: «Мағжан өнер жолын таңдамайды. Ол – энергетика немесе техника мамандықтарының бiрiне құжат тапсырады», – дедi. Бұл сөздiң анық-қанығын бiлу үшiн Мағжанға хабарластық.

– Әкемнiң шешiмi бойын­ша, өнер саласын таңдамайтыным рас. Оның бiрнеше себебi бар, – дедi Мағжан. – Бiрде әкем: «Бiз ауылда топыраққа аунап, еркiн ойнап, ер жеттiк. Соның арқасында, театрда кез келген рөлдi сомдауға қабi­летiмiз жетедi. Ал сен қалада тас үйден басқа еш нәрсе көрмедiң. Жазғы демалыста ауылда шөп шауып, демалғаның өнер ада­мына азық болмайды. Сол үшiн актер боламын деген шешiмiңдi өзгерт. Өнер – өте қиын жол», – дедi. Оған қоса, бiздiң елiмiзде энергетика мамандары өте аз. Жылдар бұрын «Мойнақ» СЭС-iнiң құрылысы басталды. Бiр қызығы, қызмет­керлердiң бар­лығы өзге ұлт өкiлдерi екен. Осыны оқи отырып, ойға қалдым. Алла қаласа, құжатта­рымды Алматы энергетика және бай­ланыс университетiне тапсыр­мақпын. Бiрақ театрға барған сәтте бәрiн ұмытып кетемiн. Әкем­нiң ақылы, оқыған ақпа­раттар естен шығады. Театрды бiрден тастап кету маған ауыр. Студент болсам да, өнердi қосымша алып жүремiн. Бiрақ бар күшiмдi өз мамандығыма арнайтын боламын.

Фарида өнерден алыстамайды

Әншi Ұлықпан Жолдасовтың қызы Фариданың сахнадан көрiнбегенiне бiраз уақыт болды. Ел арасында бұл турасында түрлi әңгiме айтылды. Бiрақ оның бәрi жалған. Фарида Алматы қаласындағы №73 мектеп-гим­назияның 11-сыныбында оқиды. Бiз жас әншiнi «МузАРТ» ансамблiнiң шығармашылық кешiне  дайындалып жатқан сәтiңде жо­лықтырдық. Ұлан: Фарида, ұлттық тестiлеуге дайындық  қалай? Соңғы уақытта сахнада көрiнбей кеттiң ғой.

Фарида Жолдасова: Мұның бiр­неше  себебi бар. Бiрiншiден, ғылымда 14-16 жас ауыспалы кезең саналады. Яғни, менiң даусым бiрде жуан, бiрде жiңiшке бол­ды. Ал осы кезде ән салсам, ден­саулыққа зиян болады екен. Екiн­шiден, сабақ қиындап, көп кiтап оқуға, шет тiлдерiн үйренуге тура келдi.Бiрақ уақытымды  босқа  өткiзбей, екi  жыл  әншi Диана Шараповадан  дәрiс алдым. Ұлттық тестiлеуге  дайындығым жақсы. Ата-анам­ның, ұстаздарымның үмiтiн ақтаймын деп сенемiн.

Ұлан: Қандай мамандықты таңдай­сың?

Фарида Жолдасова: Бiз өнердi серiк еткен отбасы болғандықтан, өзiмдi өнерсiз елестете алмаймын. Әке-шешем де бұл шешiмiме қарсы емес. Сол үшiн вокалдық бiлiм беретiн оқу орнын таң­даймын. Ал нақты қандай жоғары оқу орнына баратыным әлi шешiлген жоқ. Бiр бiлетiнiм, өз елiмде бiлiм аламын.

(“Ұлан”, №16, 19.04.2011)

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз