Туриндік «Ювентус» «Милан» клубын ұтып, Италия Суперкубогының жеңіп алды.

Ойын Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы «Кинг Абдулла Спортс Сити» стадионында өтті. Тартысты ойын 1:0 есебімен аяқталды.

Ойынның алпыс бірінші минутында Криштиану Роналду баспен гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Бұл Роналдудың «Ювентус» сапындағы алғашқы жүлдесі.

Айта кетейік, «Ювентус» клубы бұған дейін Италия Суперкубогын жеті рет жеңіп алған. Бұл олардың сегізінші жеңісі болып отыр. Ойын соңында әйгілі боксшы Флойд Мейвезер келіп, клуб ойыншыларын жеңісімен құттықтады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз