Ағылшынның  «Ливерпуль» клубы қысқы трансфер кезінде жаңа ойыншы сатып алмақ. Бұл жолы клуб басшылығының көзі «Брюггенің» жартылай қорғаушысы Арно Данджумаға түсіпті.

Daily Mail ақпаратынша, «қызыл перілер» 21 жастағы голландықты команданың шабуыл шебін күшейту үшін көздеп отырған көрінеді. Данджуманың транфсерлік құны 15 миллион фунт болуы мүмкін.

Бұл мәселеде «Ливерпульға» «Милан», «Тоттенхэм» және «Эвертон» клубтары кедергі болуы мүмкін. «Россонери» «Брюггеге» 9 миллион фунт ұсынып көрген еді, алайда олар бұл ұсынысты қабылдаған жоқ.

Айта кетейік, футболшы «Брюгге» сапында жүріп Бельгия чемпионатында 11 ойын өткізіп, 4 гол соқты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз