Туриндік «Ювентустың» бұрынғы қақпашысы Джанлуиджи Буффон клубтың Роналду келгеннен кейінгі жай-күйі жайлы пікір білдірді. 

Буффонның айтуынша, «бьянконери» Чемпиондар лигасының мәресіне жақындап келеді.

«Ювентус» Криштиану Роналду келгеннен кейін бұрынғыдан да мықты бола түсті. Меніңше, «Ювенің» бұл маусымда Чемпиондар лигасын жеңіп алуға толық мүмкіндігі бар.

Мен үшін Чемпиондар лигасы арман, бірақ бағындырылмаған шың. Әріптестеріммен бірге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл жақта жаңа тәжірибе жинап, шынығып жатырмын. Командамен бірлесіп біраз жұмыс істеу керек», – деді әйгілі қақпашы.

Айта кетейік, 40 жастағы Буффон былтыр париждік «ПСЖ» клубымен бір маусымға келісімшарт жасаған болатын. Ол «Ювентус» сапында 17 жыл ойнап, 656 ойынға қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз