Кеше ПСЖ клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе 20 жасқа толды. Туған күні алдында француз ойыншысы Le Parisien газетіне сұқбат берді.

«14 жастағы кезімді күліп еске аламын. Апта бойы «Реалда» жаттықтым. Ол жерде Зинедин Зидан мен  Криштиану Роналдуды жиі көру бақытына ие болдым. Тіпті негізгі құрамның барлық ойыншыларын көрдім.

Жасөспірім шағымда кумирім көп болды. Роджер Федерердің, Леброн Джеймстің өнеріне сүйсіндім. Сонымен бірге мен Криштиану Роналдуға қатты еліктеп, оның іс-қимылдарын қайталадым.

Қандай сыйлық күтесіз дейсіз бе? Әрине, осы маусымда ПСЖ-мен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алғым келеді».
20 жасқа дейінгі Мбаппенің жетістіктері:
— әлем чемпионатын жеңді;
— Францияның екі дүркін чемпионы («Монако» және «ПСЖ» клубтарымен);
— француз лигасының Кубогын және Франция Кубогын;
— Golden Boy марапатын алды;
—ФИФА-ның шешімімен ең үздік жас футболшы атанды;
— 2018 жылдың ең үздік жас ойыншысы атанды.
Айта кетейік, Килиан Мбаппе әлемнің ең қымбат ойыншысы саналады. Швейцарлық CIES Football Observatory аналитикалық компаниясы Еуропа лигасындағы ең қымбат бестікті атады. Көшті ПСЖ сұрмергені бастап тұр. Ол 216,5 миллион еуроға бағаланған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз