Аргентина құрамасының және каталониялық «Барселона» клубының сұрмергені Лионель Месси бесінші рет «Алтын бутсы» иегері болды.

Месси 2017/18 маусымындағы Еуропаның ең үздік сұрмергені атанды. Өткен маусымда аргентиналық футболшы Премьер-лиганың 36 матчында 34 гол соқты. Футболшы осымен бесінші «Алтын бутсыды» алып, әлемдік рекорд жасады. Екінші орында туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштинану Роналду (4) тұр.

Бұл марапат үшін бақталаста Месси мысырлық Мұхамед Салахтың алдын орап кетті. М.Салах Премьер-лиганың 36 кездесуінде 32 рет гол соқты.

Айта кетейік, 31 жастағы аргентиналық сұрмерген «Алтын бутсыды» 2010, 2012, 2013  және 2017 жылдары иеленген еді. Биылғы маусымда ол Испания чемпионатында 14 ойында 14 голдың авторы атанды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз