Биылғы «Алтын доп» иегері атанған Хорватияның және мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич «Ювентус» сұрмергені Криштиану Роналду мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің дәуірі аяқталды дегенге сенбейтінін айтты.

«Сөзсіз олар мүлде басқа деңгейдегі ойыншылар. Футбол тарихын осы екі сұрмерген жасап жатқандай. Сондықтан мен олардың дәуірі аяқталды дегенге сене алмаймын», — деп Модричтің сөзін келтірді France Football.

Айта кетейік, Модрич Роналду мен Мессидің дәуірінде «Алтын доп» алған футболшы ретінде тарихта қалатыны сөзсіз. Сондай-ақ ол Хорватия елі тарихында  «Алтын доп» алған тұңғыш футболшы атанып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз