Данэлия Төлешова Eurovision байқауына жолдама алуға таласады. Осыған дейін жас жұлдыздың байқауға сай келетін музыканың жоқтығынан қатысу-қатыспауы белгісіз болған еді. Алайда БАҚ-қа жасаған мəлімдемесінен соң, əншіге серіктестік орнату туралы бірнеше ұсыныс түскен. Данэлия Қазақстандағы талай талантты балалармен таныс екенін айтады.

– Бізде талантты балалар өте көп. Біразымен араласып тұрамыз. Іріктеуге барғанымызда қайсымыз финалға өтейік-өтпейік немесе байқауға жолдама ала алмасам да əр қатысушыға шын жүректен тілектеспін. Достарыма жанкүйермін, – деді жас əнші.

Оның педагогы Наталия Чуракованың айтуынша, тығыз графикке қарамастан елдегі іріктеуге өтінім беретінін айтты. Байқауға лайық, Данэлияның вокалдық мүмкіндіктеріне бірнеше композицияны таңдап қойыпты. Енді жатпай-тұрмай жүретін қызу дайындыққа кіріспекші. Данэлияға сəттілік тілейміз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз