Шенеуніктермен көп араластым. Бір шығарма оқытсаң, соның не туралы екенін айтып бере алмайды. Одан гөрі ауылда жүрген қарапайым оқырман жазушының не жазғанын бағалап, əділ баға береді. Өйткені, ол оқырманда шынайылық бар. Біреуге жалтақтамай, ойындағысын ашық айта алады. Өзінің бала кездегі тазалығын сақтаған. Шынайылықты сақтағанға не жетсін?! Ертеңгі күні ешкімге жалтақтамайтын, жалпақшешей болмайтын жасөскіндер өссе деймін.

Балаларым, орындалмаса да, арманның биік болғаны жақсы. Сонда сен ертеңгі  күні ұсақтыққа бармайсың. Кітап оқығанда да жақсы кітап оқу керек. Жақсы жазушыны ғана оқыңдар. Əйтпесе, кітап деген көп. Дулат (Исабеков) досым айтпақшы, телефон нөмірі жазылған анықтамалық та кітап. Нашар жазатын жазушыны оқып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Жақсы жазушы сені биік армандарға жетелейді.

 

«Ұлан» газеті, №47
21.11.2017

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз