Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, «Майкрософт» фирмасының басшысы Билл  Гейтс жақында әлем балаларына үнемі жадында ұстауға тиіс 11 кеңес берді. Бұл, әрине, Биллдің уақыт сынынан өткен, арғы-бергіні толық таразылаған ақылы. Әйтпесе болашақ миллиардер бала күнінде грамматика, азаматтану пәндерінен үлгермей қалған. Бірақ математиканы «беске» оқыған. Бастауыш мектепті бітіретін жылы баласының болашағына алаңдаған ата-анасы оны психиатрға апарып көрсеткен! Гарвард университетіне түсуін түскенмен, орта жолда оқудан шығарылған.

Міне, осындай өмір  жолы Гейтсті үлкен ойларға шомдырған сияқты. Қазіргі жас өскіндерді ол құрғақ ақыл айтып қана емес, өз қателіктерінен сақтандыруды да қалап отырғаны сөзсіз. Билл бұл кеңестерін өзінің ғаламтордағы блогына жазыпты.

 

1-кеңес. Өмір әділетсіз. Осыған бой үйретіңіздер!

2-кеңес. Әлемге сіздің өзіңіз туралы ойыңыздың құны бес тиын. Өмір сіз өзіңізді сенімді сезінгенге дейін-ақ шаруаны тындыруды талап етеді.

3-кеңес. Сіз мектеп бітіре салып-ақ жылына 60 мың доллар таппайсыз.

4-кеңес. Мұғалім тым талапшыл деп есептейсіз бе? Өзіңіз басшы болғанша күте тұрыңыз.

5-кеңес. Гамбургер сату сіздің намысыңыздың жер болуы емес. Сіздің аталарыңыз бен әжелеріңіз котлет тарату үшін басқа сөз қолданған. Олар мұны «мүмкіндік» деп атады.

6-кеңес. Егер сіз масқараға ұшырасаңыз, ата-анаңыздың кінәсі емес. Ойбайлай бермеңіз, қатеден сабақ алыңыз.

7-кеңес. Сіз өмірге келгенге дейін ата-анаңыз қазіргідей іш пыстырарлық жандар болған жоқ. Олар мұндай жағдайға сіздің жоғыңызды тауып бере жүріп, киімдеріңізді жуып-тазалар жүріп және сіздің өзіңіз туралы әдемі пікірлеріңізді естіп жүріп жетті. Сондықтан әлемді өз ата-анаңыздың буынынан тазартпас бұрын, өз бөлмеңіздегі шаң-тозаңды тазартып алыңыз.

8-кеңес. Сіздің мектебіңіз оқушыларды көшбасшылар және жолы болмағыштар деп бөлмейтін шығар, ал өмір – бөледі! Кейбір мектептерде сіз дұрыс жауап беру үшін жаман бағаларды бірден қоймайды және бірнеше рет мүмкіндік береді. Ал шынайы өмірде ешқашан мұндай болған емес!

9-кеңес. Өмір тоқсандарға бөлінбейді. Сізде жазғы каникул деген болмайды. Сіз өзіңізді табу үшін мүмкіндік беретін жұмыс орны тіпті аз. Өзіңіз іздеңіз!

10-кеңес. Телевидение – шынайы өмір емес! Шынайы өмірде адамдарға кафеде отыруға емес, жұмысқа баруға тура келеді.

11-кеңес. Кітап кеміргіштер мен «ботаниктерге» аса қатал қарамаңыз. Кім біледі, ертең соның қарауында жұмыс істеп қаласыз…

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз