5 жасар Айтолқынды ағасы Жанат ойнап жүріп жылатып алды. Ол бар дауысымен бақырып қояр емес. Ас үйде жүрген анасы бұған шыдамай қызының қасына жүгіріп келіп:

– Не болып қалды тағы? Сонша неге бақырасың? – деп қызына ұрса бастады.

Айтолқын дереу жылағанын тоқтата салып:

– Апа, мен сізге емес, Жанатқа жылап жатырмын, – деді.

«Сіз ұйықтап жатқанда ойнаймын»

Мақсаттың туған күнінде əжесі оны ойыншықтар сататын дүкенге алып барды. Немересінің бес жасына өзі жүретін ойыншық машина əперемін деген уəдесі бар болатын. Дүкенге кіре  берісте бұларға Мақсат қатарлас бала жетектеген апа жолықты. Баланың қолында ауызға салып үрлеп дыбыс шығаратын əдемі бір аспап. Əлгі бала оны анда-санда үрлеп «ба-п-б-а-п» деген дыбыс шығарып қояды. Дыбыс аумаған Мақсаттың əкесінің машинасының сигналы сияқты. Мақсаттың ықыласы бірден сол сырнайға ауды. Əлгі кісілер ұзап кеткенше бұрылып қарай берді.

– Əже, – деді бір кезде ол. – Əже, мен машина алмаймын. Маған жаңағы баланыкіндей үрлеп ойнайтын əпер.

– Балам-ау, оның дауысы жаман екен, бапылдатып менің мазамды аласың ғой, – деді əжесі.

– Жоқ, əже, мен сіздің мазаңызды алмаймын. Мен онымен сіз ұйықтап жатқанда ғана ойнаймын, – деді Мақсат əжесіне қиыла қарап.

Немересінің сөзіне күліп жіберген əже:

– Жарайды, құлыным, мен саған машинаны да, ба пыл датанды да əперемін,– деді.

Дүйсен БЕК

«Балдырған» журналы, №5
Мамыр, 2017

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз