Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша Жастар кәсіпкерлерді қолдау орталығы «Жас кәсіпкер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Шырайлы Шымкент» эссе байқауын ұйымдастыруда.

Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкент шахарының сұлулығы мен тарихы туралы керемет шығармалар жазып байқауға қатысуға барша Қазақстан оқушыларын шақырамыз!!!

Байқау ережесі мен талаптары төмендегідей:

Байқаудың мақсаты: Шымкент қаласының аймақтық дамуын, Қазақстанның 3 ші мегаполисі статусына лайық екенін  Қазақстанның басқа аймақтарына таныту. Жалпы оқушы жастардың шығармашылығын дамыту, жастар арасында әдебиет пен шығарма жазуға қызығатын жастарға мотивация беріп, оларды ынталандыру.

Байқау үш кезеңнен тұрады

бірінші кезең: 05.04.2017 – 15.05.2017 ж дейін байқау материалдарын қабылдау.

екінші кезең: 15.05.2017 – 16.05.2017 ж дейін байқаудың қорытындыларын шығару.

үшінші кезең:18.05.2016 – 20.05.2016 ж Байқау жеңімпаздарының Шымкент қаласына келуі, жеңімпаздарды марапаттау

Байқаудың басты сыйлығы

 Шымкент қаласына арнайы 15 жолдама /жол шығыны, қонақ үй шығыны, Шымкент қаласына 3 күндік арнайы саяхат/

ЕСКЕРТУ: Кешіктірілген жұмыстар, яғни 2017 жыл 15-мамыр 00.00ден кейін жіберілсе қабылданбайды.

4.4. Байқауға қатысу жарнасы тегін.

4.5. Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі байқауды дайындауға және өткізуді басшылыққа алады.

4.6. Байқау жұмыстары қағаз түрінде мына мекенжай бойынша қабылданады:  ОҚО, Шымкент қаласы, Түркістан көшесі №67, 2 қабат, 2кабинет. Байланыс телефон: 8 775 665 94 91,8 705 323 29 70.

Байқау жұмыстарының электронды нұсқасы  esse-shymkent@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байқау материалдарына қойылатын талаптар

5.1.Эссе ресімдеуге қойылатын талаптар:

  • жұмыс Microsoft Word мәтіндік өңдегіште орындалады (97-2010);
  • шрифт Times New Roman, кегль 14, жоларалық интервал 1;
  • барлық жиектері 2 см;
  • ұзындығы бойынша тегістеу;
  • көлемі 2 баспа беттен аспайтын А4 форматы.

5.2.Байқау материалдары талапқа сәйкес келмеген жағдайда байқау комиссиялары арқылы жұмыс байқаудан ескертусіз алынып тасталынады.

5.3. Эссе байқау тақырыбында сәйкес келуі керек.

5.4. Жұмыс автордың өзінікі болуы тиіс, яғни басқа авторлардың жұмысын ішінара немесе толық пайдалануға болмайды.

5.5. Байқаудағы жұмыстар автордың жеке көзқарасын дәріптеу қажет.

5.6. Автордың көзқарасы оның жеке өмірінен алынған және барлық қолданысқа ие болған ақпараттармен айғақталынып,аргументтелуі тиіс.

5.7. Эсседе, грамматикалық, синтаксистік және стильдік қателері болмауы қажет.

5.8.Эсседе көлемді қиындатылған мәтіндік грамматикалық құрылымдар болмауы қажет.

5.9.Эсседе көркем әдеби мәнер қолданылады: Стильдік пішін (эпитеты, гиперболалар және т.б.), соқпақтар (метафаролар,салыстырулар және т.б.)

«Ұлан»-ақпарат

11.04.2017

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз