Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде “Сұңқар кубогы” КВН ойындары өтті. Байқауға барлығы 6 құрама қатысты.
Әзілге жақын студенттердің шығармашылығын шыңдауға байланысты дәстүрлі түрде өтетін бұл бәйгенің жүлде қоры да қомақты болды. Жеңімпаз атанған «Филфак» құрамасына кубокпен бірге 200 000 теңге, 2 орынды иеленген «Мехмат» құрамасына Астана қаласына саяхат, 3 орын алған шығыстану факультетінің «Класстастар» командасына «Ыстықкөл» спорттық-сауықтыру лагеріне жолдама берілді. Басқа командалар ағылшын тілі курсына, спорттық жаттығу залына және 20 000 теңге сертификаттарын алды. Үздік әзіл ойнаған «Мех-мат құрамасы» командасының ойыншысы мен «Филфак құрамасы» командасының капитанына Түркияның Анталия қаласына демалысқа жолдама берілді.


Назарларыңызға ҚазҰУ сахнасындағы қағытпа қалжың мен әдемі әзілдерден үзінді ұсынамыз.

*Бұрынғы қызының сіңлісімен жүріп жүрген жігіт:
-Жаным, сендердің осы жемпірлерің-ақ тозбайды екен. Әпкең де кездесуге осыны киіп шығатын еді.
(“Әлем.kz” құрамасы)

*Есте сақтау қабілеті нашар кондуктор жолақысын төлеген жолаушыларды суретке түсіріп алады екен.
(“Әлем.kz” құрамасы)

*”Қыз Жібек” фильмі “Мехмат” құрамасының көзімен:
-Төлеген, Қыз Жібек менікі!
-Жоқ, Бекежан! Мен Қыз Жібекті сүйемін!
Қыз Жібек:
– Екеуі таласып жатқанда Қабанбай батырды сындырып алғансың ғой.
(“Мехмат” құрамасы)

*”Титаник” фильмі “Мехмат” құрамасының көзімен:
-Шәкіртақыдан айырылғандар бар ма?
-Бар, бар!
-Летоға қалғандар бар ма?
-Бар, бар!
-Сауап, сауап! Оқу керек еді!
(“Мехмат” құрамасы)
АҚШ-та кездесіп қалған екі қазақ:
-Hello!
-Hi!
-How are you?
-Fine, thanks!
-Алло, әке қалыңыз қалай? Мен аман-есен жеттім.
-Досым, сен де қазақсың ба?
-Иә, сен де қазақсың ба?
-Бауырым, қай жерденсің?
-Шымкентскиймін.
-No,no!
(“Мехмат” құрамасы)

Дана Маратова

09.04.2017

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз