Қаз-қалпында

Нәркестің арманы

Қыс кезі болатын. Күні бойы қалба-лақтап жауған қар терезе жақтауларын, үйдің төбесін басып қалыпты. Сабаққа ертерек барайын деп, үйден шықтым. Жолдан көршінің 6-сыныпта оқитын орташа бойлы қара қызын көрдім. Бетін аяз қарыған, ал күлімдеген көздері сон-дай тұнық. Сол қызды жолай әңгімеге тартып, тілін қызықтағым келді.

– Нәркес, сабағың қалай? – деп бастай беріп едім, ол күлімсіреп саба-ғының жақсы екендігін айтып, біраз жетістіктерімен де бөлісті.

– Өскенде кім болғың келеді? – деген сұрағыма ойланбастан, – Нұрсұлтан атам секілді Елбасы болғым келеді, – деді.

– Әп, бәрекелді!

Қаршадай қыздан мен осындай жауап күтпеген едім. Әуелі не дерімді білмей, сасып қалдым.

– Неге дәрігер, мұғалім немесе әнші емес, Елбасы болғың келеді? – дедім таңданысымды жасырмай. Тұңғиық ойға батқан нәркескөзді ақылды қыз тақылдап жауап беріп жатыр.

– Нұрсұлтан атамыз еліміз үшін көп тер төкті ғой. Біз секілді балаларға қазіргі таңда барлық жағдай жасалған. Өміріміз алаңсыз өтіп жатыр, бақыттымыз. Әсем мектепте білім алып жатырмыз. Осының бәрі – Елбасымыздың арқасы.

Кейде атамды теледидардан көргенде, соншалықты қажырлы, қайсар мінезіне қайран қалам. Күндіз-түні ұйықтамай, елдің қамын жеп жүрген атаммен бір рет болса да кездесіп, қолынан ұстап «Ата, кейін мен өскенде сіз секілді жақсы адам болам, елімді қорғаймын» деп айтқым келеді.

– Дұрыс айтасың, Нәркес. Жарайсың! Өзің кішкентай болсаң да, талабың таудай! Ойың тереңде жатыр екен. Сол ар-манға жету үшін көп оқып, еңбектене, іздене білу керек.

– Иә, менің саба-ғымның бәрі – кілең «бес». Жақында ұстазым Елбасымыз жайлы шығарма жазуға тапсырма берген еді. Егер осы жолы жеңімпаз атансам, Астанаға Елбасымен кездесуге барамын. Нұрсұлтан ата – менің идеалым. Сондықтан, бар күшімді салып жаздым, – деді кішкене қыз. Сөйткенше біз мектептің алдына келіп қалған екенбіз. Ойланып тұрдым да:

– Нәркес, сол шығармаң қазір өзіңде болса, маған берші. Мен оқып көрейін де, ертең әкеп берейін. Ол басын изеп, шығармасын алып берді. Жұмысқа бара салысымен ашып оқи бастадым. Ұзақ жазыпты.

«Біздің еліміз қаншама қиын-қыстау кезеңдерден мойымай өтті. Небір ту ұстаған батырлар мен қаракөз қыздарымыз жау қолында елі үшін жан пидалық етті…

Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан. Жері – киелі, бай, халқы – жомарт. Қонақ келсе, қымызы мен қазысын сыйға тартқан, төрін ұсынған, барға қанағат еткен халқым мен кіндік кескен жеріме деген менде ерекше сезім бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің туымыз – Тәуелсіздік. Біздің мақсатымыз – бейбітшілік және береке. Бұл әлемде бізде бір ғана Отан бар. Ол – Қазақстан», – деп айтқан жалынды сөздері менің жүрегіме Отанға деген ұлы махаббат нұрын ұялатты… Қазіргі кезде біз бақыттымыз. Өйткені, еліміздің аяғынан нық тұрып кетуіне үлес қосқан атамыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – алтын адам. Оны барша бала жақсы көреді. Кейін атама ұқсап, ел тұтқасын ұстайтын мықты азаматша болғым келеді…»

Шығармасын оқып отырып, терең ойға баттым. Расымен де, Нұрсұлтан Әбішұлы – өз елінің мақтанышы, тірегі, барша жанға үлгі тұтуға лайық жан.

Өзің де мен сияқты ойланшы… Ертемен тұрдың. Өз үйіңдесің. Қалаған жағыңа кетіп барасың. Өз жеріңде қадам басып келесің. Саған ешкім көзін алартпайды. Өйткені, көгіңде Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, көкірегіңде Әнұран әуені әуелеп тұр. Әрбір бала Елбасымызға ұқсап өскісі келсе, жүректерінде Отанға деген шексіз махаббаттың бары анық. Ендеше, жолың болсын, Нәркес! Арманың орындалып, атаңның ықылас толы қолын алып, мақсатыңа жете ғой…

Меруерт ҚҰСАЙЫН,

Қаратұма орта мектебінің

11-сынып оқушысы.

Үржар ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы

(«Ұлан», №49. 10.12.2013)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз