АРЫСТАН ҚАЙДА ӨМІР СҮРЕДІ?

Мұғалім:

– Арыстан қайда өмір сүреді? – деп сұрады оқушылардан.

Ешкім де қол көтере қоймады. Кенет Ғазизаның жауап бергісі келді.

– Ғазиза, сен айта ғой, – деді мұғалім.

– Хайуанаттар бағында, – деді Ғазиза өзіне-өзі сенімді түрде.

МЕН ҰЙЫҚТАП ҚАЛЫППЫН

– Санжар, мойындай ғой, сенің мына шығармаңды кім жазды?– деді мұғалім оқушының шығарманы өзі жазғанына күмәні сейілмей.

– Шынымды айтсам, білмеймін. Әке-шешем ақылдасып отырған кезде мен ұйықтап қалыппын, – деді Санжар ағынан жарылып.

ЖЕКСЕНБІ

– Мәселен, «мен жуынамын», «сен жуынасың», «ол жуынады» десем, ол қай шақ болады, Санжар?– деді қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

– Жексенбі ғой!– деді Санжар бейне жұмбақ шешкендей.

– Ғазиза, қандай ұзын сөзді білесің? – деп сұрады мұғалім.

– Резеңке, – деп жауап берді Ғазиза.

– «Ре-зең-ке» үш-ақ буыннан атын сөз ғой. Бар-жоғы 7 әріп. Ол ұзын сөз болып санала ма?

– Апай, оны қанша созсақ та болады ғой, – деді Ғазиза ойланбастан.

 

Дайындаған
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ.

«Балдырған» журналы, №9
Қыркүйек, 2017

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз