Шаш қысқартып, оны күтіп сəндеу адамның стиліне байланысты. Қазіргі таңда шашты тақырлап алу мен өсіруден басқа неше алуан сəн үлгісі бар. 6-сыныпта шаш қысқартып үйренген болатынмын. Бастапқыда қолымнан шашты біркелкі етіп тықырлап алып тастау ғана келетін. Бірте-бірте қол үйренген соң сəнді етіп алудың жолын Ютубтан қарай бастадым. Шаш қырқып, оны сəндеу ұнайды. Алғашында інілерімнің шашын қатты тықырламай алып, самай тұсынан құлақтың артына қарай «Z» белгісін салдым. Ауыл балалары қатты қызығып, солай істеп беруді өтінгенде, қуана-қуана келісіп, ептілігімді одан əрі шыңдай түстім. Осы уақытқа дейін үш шаш қиятын машинка ауыстырып үлгердім. Алғашқы машинканы əкем алып келгендіктен, келесілеріне ақшаны өзім жинай бастадым. Солай түрлі белгілер мен өрнектер түрін еш қиындықсыз салуды меңгерген соң, қаладан қыдырып келген балалар да маған шашын алдыратын болып алды. Осы уақытқа дейін қанша табыс тапқанымды білмеймін. Бір айда 1000, кейде одан да аз табатын кездерім болады. Қызығушылықтан басталған өнерді ешқашан бизнес түріне айналдырамын деп ойламаппын. Бұл – менің хоббиім. Осыған байланысты əлемдегі ең кəрі шаштараз кім деген оймен көп жүрдім. Енді міне, жауабын да таптым. Ол қазір 107 жаста.

Ең қарт шаштараз

Америкалық Энтони Манчинелли – Гиннестің рекордтар кітабына 2017 жылы тəжірибелі əрі ең кəрі шаштараз ретінде енген шебер. Ол тіпті жүз
жасқа келгенде де кəсібін тастамаған. Ғасыр жасаған шаштараз қайшы мен ұстарасын аптасына бір рет қана ұстайды. Ол Ньюберг қаласының белгілі сауда орталығында сенбі күндері Антонио жəне Паскуал
Мугенаноның салонында жұмыс істеді. Энтони бір күнде 25-30
адамның шашын қиятын. Энтони өзінің 107 жасқа толған туған
күніне де ештеңе жасамаған, атап өтпеген. «Жұмысымды тастамас едім. Себебі сүйікті ісіммен айналыссам, өзімді жақсы сезінемін. Зейнетке шық-
сам да, зейнетақымды бөлек жинаймын», – деген екен қарт Энтони.

Энтони Манчинелли жеті балалы отбасында дүниеге келген. Ата-анасының тапқан жалақысы отбасын асырауға жетпеген соң, бауырларына жаны ашып, жұмыс іздейді. Əкесінің тапқан 25 доллары
аздық ететін. Бір күні Джозеф Тирдің шаштаразының жанынан өтіп бара жатып, оның жұмысын байқайды. Шаш қиюды үйрену үшін сол жерге еден сыпырушы болып жұмысқа тұрады. 1924 жылы 12 жасында Энтони
Манчинелли бірінші рет шаш қысқартты. Сол кезден бері оның шаш қию құны 25 центтен 12 долларға дейін 50 есе өскен.

Джозеф Тирдің шаштаразында жұмыс істей жүріп біліктілігін арттырып қана қоймай, Гангестер ауданынан шеберханасын да ашады. Уақыт өте Манчинелли шаштаразын жабуға мəжбүр болған.

Шаштаразын жапқан соң, көптеген жылдар бойы Antonio жəне Pasquale Munano институтында орынды жалға алады. Энтони Манчинеллидің
сонда жұмыс істейтін уақытында иесі бірнеше рет өзгереді. Келушілер онымен жақсы əңгімелесіп, сапалы қиюына риза болып, отбасымен бірге шеберге келіп тұрады. Клиенттері оны шебер ретінде ғана емес, жақын дос деп үнемі құрметтейтін. Олар Энтонидің жылдамдығына жəне үнемі күліп жүретініне риза екен.

P.S. Бір күні əкем үйге шаш қысқартатын машинка алып келді. Алғашында əпкем менің жəне інілерімнің шашымызды алып беріп жүретін. Əпкем мектеп бітірген соң, інілерімнің шашын алу менің мойныма жүктелді. Сонда əпкеме қарап үйреніп алдым. Алғашында ауыл балалары шаштарын қысқартып беруді сұрады. Тегін алатынмын. «Неге ақшаға алмасқа?» деген ой келді бірде. Алғаш шаш қиюдан 60 теңге тапқаным есімде. Уақыт өте келе қызметім 100 теңге тұратын болды. Қазір бір адамның шашын 200 теңгеге қиямын. Тапқан ақшамды кітап пен өзіме қажетті заттарды алуға жұмсаймын. Қазір əкем мен анамнан ұсақ-түйекке жаратуға мүлде ақша сұрамайтын болдым. Өйткені бір ауылдың шаштаразымын ғой.

Нұрлыхан ЖҰМАХАН,
Сарыбұлақ мектебінің 11-сынып оқушысы,
«Ұланның» жас тілшісі.
Бəйдібек ауданы,
Түркістан облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз