Атамның бағы

Сəуірдің атып ақ таңы,
Атамыз бағын баптады.
Бой түзеп өсіп қалыпты
Жемісті ағаш бақтағы.

 

Су тасып құйдым шелекпен,
Былтырғы жылы мен еккен
Алмұрт пен алма гүлдеп тұр,
Оранып жасыл желекпен.

Бақшаны атам баптайды,
Күн бойы тыным таппайды.
– Бағбанның күткен бағын-ай,–
Деп ауыл-аймақ мақтайды.

Домбыра

Домбыра күйі мəңгілік,
Ғасырдан ғасыр жаңғырып,
Сөйлейді баба тілінде,
Сазымен тəтті таң қылып.

Бар сырын байтақ даланың,
Жеткізген үнін бабамның,
Қос ішек үні құдірет
Баураған жанын адамның.

Күмбірлеп кетсе күй деген,
Толқисың сыймай үйге кең.
Кең байтақ елдің тағдырын,
Тарихын күйден үйренем.

«Балдырған» журналы, №6
Маусым, 2017 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз