Бес күндік жалған адамзатқа сынақ ретінде берілгені ақиқат. Он сегіз мың ғаламды жаратқан құдірет иесіне жəне ислам дініне шек келтірмейтініміз де рас. Адамның бойындағы, болмысындағы баянды нəрсе – жас кезінде жан дүниесіне сіңірген игіліктері дейтін болсақ, өзін-өзі таныған адам жастайынан жақсыға үйір болады. Бақытты болуға жаралған адамзаттың шын бағы – хақты тануы мен сəждеге маңдайын тигізуі дейді оқығандар. Басқаның бəрі алдамшы. Бүгін шындықпен бетпе-бет келіп, ислам дінін қабылдаған əлемге əйгілі тұлғалармен танысамыз. Олардың «бір қараңғы, бір жарық» өмірлеріне ислам нұр болып еніпті.

Иммануил КАНТ, философ

Есімі жарты əлемге əйгілі ойшыл, классикалық философияның іргетасын қалаушылардың бірі Иммануил Кант ислам дінін қабылдаған екен. Ол 1724 жылы Шығыс Пруссияда дүниеге келген. Саналы ғұмырын ілім-білім, ізденіске арнаған Канттың қаламынан көптеген кітап бүгінге мұра болып қалды. Десек те, ойшылдың өмір жолының өзі кітапқа бергісіз құпиялар мен жұмбаққа толы. Соның бірі, ол өмірінің соңында шəкірттеріне аманатын айтады. Кантты мəңгілік сапарға шығарып салған шəкірттері құлпытасқа өзінің өтініші бойынша: «Төбемнен жұлдызды аспан төніп тұр. Жер бетінің өз заңдылықтары бар», – деген астарлы сөзді жаздыртқан екен.

Шығыстың іліміндегі тереңдікке бойлай білген Канттың еңбектерінен де сол сарынды байқауға болады. Тіпті ол Ғазали мен Мұхиддин Арабиді үлгі тұтқан. Ең қызығы, дипломында өз қолтаңбасымен арабша «Бисмил-лахир-рахмани р-рахим», яғни «Аса мейірімді Алланың атымен», – деп жазылған екен. Философия – ой теңізіне сүңгу болса, теңіз тұңғиығына батып кетпей, өзінің тура жолын тапқан ойшыл ислам дінін өміріне желкен етті.

Лев ТОЛСТОЙ

Жазушылық қуатымен əлем оқырманын мойындатқан Лев Толстойдың өмір мəнін іздеп ой шыңырауына ерте түскені шығармаларынан мəлім. Біз қаламгерлік қырынан танитын Толстой дінге қатысты, Құдай мен пенделерге қатысты философиялық көзқарастарымен де дараланады. Ол 1870 жылдан бастап өлім туралы көп ойланады. Өмірдің мəні болатыны секілді өлімнің де бір мəні болуы керек қой? Осы тектес сансыз сауал маза бер-меген жазушы бір құдіреттің барына сенеді. Қазан мен Кавказда өмірінің тең жартысын өткізген Лев Толстой араб тілін жетік меңгерген. Ол Аллаға сенген əрі айналасындағыларға да ислам діні жайлы айтқан.

Мұхаммед ƏЛИ, боксшы

Бокс тарихында өшпес із қалдырған Мұхаммед Əли, дұрысы – Кассиус Клей 22 жасында бокстағы бірінші чемпиондық атаққа ие болады. Оның шын есімі Кассиус Клей екенін көпшілік білмейді. Əлемге  Мұхаммед Əли есімімен танылған боксшы «ғасыр спортшысы» атанған. Спорттағы жетістіктері мен табыстарына қарамастан, ол ислам дінін қабылдағанын ең ұлы жеңіс санайды. Расында да, Мұхаммед Əли кəсібиліктің шыңына шығып қана қоймай, жер бетінен рухани тыныштықты тапты.

Ең алғаш мешіт табалдырығын аттағанда қалықтаған құстай күй кешкенін жасырмайды. Ол өмірбаяндық кітабында қажылық сапардан оралғаннан кейінгі əсерін ерекше ықыласпен баяндайды. «Мұсылманның парызы саналатын сапардағы əсерімді сөзбен түсіндіру мүмкін емес. Айналамда мыңдаған адам нəсіліне, түрі-түсіне қарамай, жалғыз Құдайдан күнəлары үшін кешірім сұрап жатты. Тəкаппарлық пен өркөкіректікті ұмытып, жаратушының алдында бəрі тең екенін түсінген адамдарды өз көзіммен көрдім. Діндегі теңдік деген осы болса керек», – дейді Мұхаммед Əли. Ол балалық шағында адамдарды нəсіліне қарай шеттеткен оқиғаларға көп куə болғандықтан исламдағы бауырмалдыққа, шынайылыққа тəнті болған екен.

Майкл ДЖЕКСОН

Поп-музыканың королі саналатын Майкл Джексон да ислам дінін қабылдаған. Əншінің ағасы осы жолды таңдағандықтан Майкл да концерттерінен бос уақытында Құран сүрелерін оқып, иманын кемелдендіреді. Оның ойынша, шариғат жолымен жүрген адам – ең таза, ең бақытты адам. Əн əлеміндегі қызыл-жасыл шоулардан, «жылтырақ жалғаннан» жалыққан Майкл Джексон осылайша өмір-өзенін өз таңдауымен ислам арнасына бұрады. Ол АҚШ-тағы афроамерикалық мұсылмандарды біріктіретін «Ислам өкілдері» ұйымына мүше болып, Бахрейн астанасы Манамада мешіт құрылысына өз есебінен миллиондап қаржы да берген екен. Жер бетіндегі таза жер саналатын мұсылмандардың ұлық мекеніне əнші осылай құрмет көрсетіпті. Бастысы, ол өмірлік құндылықтарын исламмен ұштастырып үлгерді.

Уилл СМИТ

Өмір бір-бірімен жалғасқан шынжыр секілді. Кейде əлдекімнің тағдырына мүлде басқа адамның өмір жолы себепкер болуы мүмкін. Мəселен, кино саласында жұлдызы жанған болливуд актері Уилл Смиттің ислам дініне бет бұруына Мұхаммед Əли себепші болыпты. Кезекті кино түсірілімінен кейін актер өмір сүру салтын өзгерткен шешімді қабылдайды. Яғни, ол фильмде Мұхаммед Əлидің рөлін ойнайды. Боксшының ғұмырдерегімен толық танысқан Уилл Смит ақиқатқа жақындай түседі. Жалғыз жаратушының ғана мəңгі екеніне көз жеткізген актер исламға қарай нық қадам басады.

P.S: Байқауымша, бұл тұлғалар дінге əртүрлі жолмен келген. Бірі ерте, бірі сəл кештеу хақты таныса да, оларды үлгі тұтатын жандарға тура жолды көрсеткендері де баршы-лық. Жаратқан – жалғыз! Ақиқатқа апаратын жол жалғыз емес…

Әлия ІҢКӘРБЕК
«Ұлан» газеті, №5
30 қаңтар 2018 жыл

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз