«Жанар» телеклубы

Теледидарды қоссақ, алуан түрлі бағдарламаға қарық боламыз. Көруге тұрарлық бағдарлама болса, қуанып қаламыз. Қазір түрлі арналардан саналуан бағдарлама көрсетіледі. Менің айтпағым, бағдарламалар емес, сол бағдарламаға келетін қонақтар жайлы болмақ. «Əйел бақыты», «Қыздар арасында», «Əйел сырына» ер азаматтарды шақырып, пікір сұрап отырады. Шақырғандары дұрыс та шығар. Бірақ бағдарламаға сай, талқыланып жатқан тақырыпқа сəйкес маман болса екен. Алайда, олар əнші немесе актерді шақырады. Мысалы, əйелдерге арналған шаш үлгісі, тырнақ бояу, бет күтімі, ас үй күтімі туралы ер азаматтардың «ақыл» айтып отырғаны əбес көрінбей ме?!. Ежелден қазақ үйдің тірлігі мен əйелдің ісіне азаматтарды араластырмаған. Одан қалса, барлық бағдарламаларға келетін қонақтардың легі – əншілер. Пайдалы кеңесімен бөлісетін мамандар көп шақырылса деп күтетініміз анық. Меніңше, ағаларымыз салмақты ой талқыға салынатын бағдарламада бой көтергендері жөн.

Нұрлыхан ЖҰМАХАН,
Сарыбұлақ орта мектебінің
10-сынып оқушысы.
Сарыбұлақ ауылы,
Бəйдібек ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы

«Ұлан» газеті, №44
31.10.2017

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз