Астанадағы Оқушылар» сарайында «Ұлы дала бояулары» атты республикалық балалар және жасөспірімдер конкурсының қорытындысы жарияланды. Жас суретшілер салтанатты түрде марапатталып, қазылар алқасының бағалауынан өтті. Айта кетейік, жобаны Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы ұйымдастырға еді.

Байқау Астана қаласының 20 жылдығы, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын іске асыру аясында өткізіліді. Негізгі тақырыптар төмендегіңдей:

  1. Менің қаламның тарихи орындары.
  2. Сіз өз қалаңызды 20 жылдан кейін қалай елестетесіз?
  3. Менің халқымның рухани мұралары.

Байқау қорытындысын іріктеуден өткен 50 қатысушы мен олардың 17 жетекшісі асыға күтті. 12-14 жас аралығындағы Гран-при Лискаковск қаласынан келген ­Дарья Ставничая Гран-при иеленді. Бірінші орын оралдық Ольга Беспаловаға берілсе, екінші орын Шахтинск қаласынан қатысқан Дарья Сивухинаға бұйырды. Ал семейлік Айым Семейханова үшінші орын алды. 15-16 жас аралығындағы үздік үштікке Александр Пономаренко (Өскемен), Баян Бесембекова (Астана) және Мадина Қайратқызы. Ал Гран При иегері – қарағандылық Владислав Коваленко.

Қатысушылар бейнелеу құралдармен қоршаған әлемді, яғни туған табиғаттың сұлулығын, сүйікті қаласын, архитектуралық жетістігін, еліміздің барлық қазақстандықтар үшін ортақ үй дәрежесін көрсетуге тырысты.

Көрмеге Қазақстан өңірлерінің балалар көркемсурет мектептері мен өнер мектептерінен 12–16 жас аралығындағы 200-ден астам қатысушылардың жұмысы  жіберілді. Жұмыстарды ҚР Суретшілер одағы мүшелері, өнер қайраткерлері, ҚР еңбегі сіңген суретшілерінен тұратын әділқазы алқасы бағалады.

Байқау аясында бейнелеу және декоративті–қолданбалы өнер, мүсін және қыш бойынша шеберлік–кластар, елорданың әсем де салтанатты орындарымен танысу және ҚР Ұлттық музейіне, «Мәңгілік ел» салтанатты аркасына барумен экскурсиялар және т.б. қызықты шаралар жүзеге асырылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз