Мынау сенің Әліппең,
Оқып, жаттап алып па ең?
Әліппе әнін бастайық,
Достасып бар әріппен.

А дегенім – ауа,
Ата менен ана.
Ә дегенім – әріп,
Б дегенім – бала.

В дегенім – ванна,
Суы шипа жанға.
Г дегенім – газет,
Күнде оқу қажет.

Ғ дегенім – ғарыш,
Д дегенім – дауыс.
Е дегенім – егіс,
Ж дегенім – жеміс.

З дегенім –зауыт,
И дегенім – иіс.
Қысқа Й ол – йогурт,
К дегенім – күріш.

Қ дегенім – құлақ,
Л дегенім – лақ.
М дегенім – мақта,
Н дегенім – ноқта.

Е дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
О дегенім – ойын,
Ө дегенім – өрнек.

П дегенім – парыз,
Р дегенім – рәміз.
С дегенім – сауыт,
Т дегенім – тауық.

У дегенім – уыс,
Ұ дегенім – ұлыс.
Ү дегенім – үйім,
Ф дегенім – фильм.

Х дегенім – халық,
Қ – қаһарман әріп.
Ц дегенім – цифр,
Цифрда бар сиқыр.

Ч – чемпион аға,
Ш дегенім – шана.
Щ – щеткаға келді,
Ъ – бұл жуандық белгі..

Ы дегенім –ыдыс,
І дегенім – ірі іс.
Ь – жіңішкелік белгі,
Э электр жарық берді.

Ю дегенім – ою,
Дию менен аю.
Я дегенім – янтарь,
Көркі көзді тартар!

Бұл тілашар – тақпағым,
Санамда мен сақтадым.
Әліппені оқимын,
Әріптерді жаттадым.

«Балдырған» журналы, №7
Шілде, 2017

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз