Қазақстанда Ұлттық домбыра күні пайда болды, – деп хабарлайды «Жасөркен» порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра» күні ретінде бекітті.

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген қаулыда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз