11111

«Ұлан» – балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ тіліндегі жалғыз республикалық газет. Баяғы «Қазақстан пионерін» оқып өскен ұрпақ есейді. 86 жылда неше буын ауысты. Бірақ, Тәуелсіздікпен қатар «Ұлан» атанған басылым әлі шығып жатыр. Ендеше, кеше өзіңіз оқыған газетке бүгін балаларыңызды, іні-қарындастарыңызды жаздыруға не кедергі? Еш кедергі жоқ десеңіз, жазылыңыз, жаздырыңыз!

– бірнеше тілді еркін меңгерген полиглот балалар;

– инженерия және биотехнология салаларында жетістікке жетіп жүрген жастар;

– жас робототехниктер;

– шетелдегі іргелі оқу орындарында білім алып жатқан жастар;

– жас зерттеушілер;

– халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері;

– жас спортшылар, жас өнерпаздар, жас кәсіпкерлер;

– табысқа жетудің кілтін тапқандар.

Міне, «Ұланның» кейіпкерлері – осындай жастар.

 

Жылдық жазылу ақысы 2600 теңге.

Индекс: 65355

Кез келген пошта бөліміне барып жазылуға болады.

Егер поштаға баруға уақытыңыз болмаса, КИВИ әмиян арқылы біздің 8-778-8345064 нөмірімізге жылдық жазылу ақысын салып, сол нөмірге жазылатын мекен-жайды жолдасаңыз болғаны. Көпбалалы отбасының балаларына жаздыруға қолұшын созамын дегендеріңіз де осы нөмірге ақша сала аласыздар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз