«Жанар» телеклубы

Ұлттық арна ұсынып отырған «Қызық екен» бағдарламасын көремін. Жүргізушісі – актер Рахман Омар. Көрермен талантты актердің табиғатына келетін бағдарламаға əуес екенін біліп алғалы қашан?!. Адамның интеллектуалдық деңгейін арттыратын бағдарламаға сүйсіндік. Əртүрлі тақырыпты қамтитын сұрақтарды көріп отырып, біз де ойланамыз. «Есте жүрсінші» деген ниетпен үзбей көріп келемін. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойынға танымал тұлғалардан екі адам бір ай бойы топ басшысы болып сайланады. Ал оның екінші қатысушысы күнделікті алмасып отырады. «Қызық екеннің» кемшілігі де жоқ емес. Қатысушылардың түгелі өнер өкілдері. Ең оңай сұрақтан сүрініп жатады. Нысана театрының əртісі Дəнекер Оразбай «киелі құс – үкі» деп «данышпандық» танытса, «алдаспан» сөзінің мағынасын білмейтін ағалар да жоқ емес. Өмірден өткен ұлы тұлғалардың шығармаларын оқымаса да, өмірбаяндарымен танысып алса да артық етпейді. Сұрақтарға берген жауаптарынан гөрі орынсыз əзілдері көп қатысушылар саны азайғаны жөн. Білім мен ғылымның айналасында жүрген аға-əпкелерді шақырып, солардың білімдері сынға түскенде ғана «қызық екен…» деуіміз мүмкін.

Ақбота ТІЛЕУЖАН,
СДУ-дің 1-курс студенті

«Ұлан» газеті, №44
31.10.2017

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз