Қысты аппақ көрікті етеді,
Көктем келсе, еріп кетеді.
раҚ

Күні суық әрқайсы,
Екі аты бар ай қайсы?
напқА

Басып қалсаң жай ғана-ақ
Жығыласың тайғанап.
зұМ

Терезеге суреттерін салатын,
Көрінбейтін суретші өзі дана тым.
уарыҚ

Тоңдырады, мұздатады қатырып,
Келді болды арыстандай ақырып.
сыҚ

Жібермейтін үсікке,
Ұқсайды өзі ішікке.
ноТ

Кимей шықсаң бірақ та
Айрыласың құлақтан.
қамұТ

Бүрсе толып ауаға
Түк таппайсың дауаға.
эяА

Құл-Керім ЕЛЕМЕС
«Балдырған» журналы, №11

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз