АҚШ-тың Санта-Инез (Калифорния штаты) қаласында өткен бокс кешінде отандастарымыз кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (10-0, 8КО) Мексикалық қарсыласы Рамон Аминагты (13-2, 9 КО) екінші раундта нокаутқа жіберсе, ал Мадияр Әшкеев (11-0, 6КО) 10 раундтың қорытындысы бойынша Пуэрторикалық Луис Эрнандесті (16-10, 9 КО) төрешілердің бірауыздық шешімімен жеңді.

25 жастағы Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Лас-Вегаста өткізген еді.

Айта кетейік, қос боксшымызға Main Events промоутерлік компаниясы және Сергей Ковалевтің менеджері Эгис Климас қызығушылық танытты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз